Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мектепте смартфондарға тыйым салынуы мүмкін

Облыстағы білім ошақтарында оқушыларға смартфон ұстауға тыйым салынуы мүмкін. Облыстық ата-аналар қоғамдық кеңесі осындай шешім қабылдап отыр

Яғни, енді мектеп басшылары оқушылардың ата-аналарымен ақылдаса отырып, мектеп ережесіне смартфонды мектепте ұстауға тыйым салу туралы тәртіп енгізу туралы шешім қабылдайды.

Әзірге ата-аналар қоғамдық кеңесі балабақша тәрбиешілеріне смартфон ұстауға тыйым салып отыр.

- Мектепте сабақ кезінде оқушыларға смартфондар ұстау білім алу үрдісіне кері әсерін тигізеді, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмаділова. – Балалар мен педагогтарды оқудан көңілдерін ауларады, кәмелетке толмағандардың тұлғалық дамуына, психикасына жағымсыз әсер ететін интернет сайттарға балалардың бақылаусыз қолжетімділік мүмкіндіктері болады. Сонымен қатар, республикамыздың басқа өңірлеріндегі тәжірибелер смартфондар қолдануға кедергі жасау жағымды әсер еткендігін көрсетті. Мәселен, оқу жылы басынан бері бірде-бір телефон ұрлығы тіркелмеген.

Аталмыш бастаманың қолға алынуына қалалық прокуратураның Білім басқармасына жолдаған хаты себеп болып отыр. Ол хатта заманауи гаджеттер оқушылардың сабаққа деген зейінін бұзып, жасөспірімдердің психикасына кері әсер ететіндігі тілге тиек етіліп, осыған орай мектептер мен балабақшаларда смартфондар қолдануға тыйым салу сұрағын қарастыруға кеңес берілген.

Осыған байланысты қазір әр мектеп басшылығы осы мәселеге қатысты әр ата-ананың пікірін сұрап, көзқарасын анықтау үстінде. Егер белгілі бір мектепте ата-аналардың басым бөлігі осы бастаманы дұрыс деп тапса, мектеп әкімшілігі өз оқу орнының ішкі ережелерінің қатарына осы қағиданы енгізетін болады. Ол балалармен қатар мұғалімдерге де қатысты болуы мүмкін.

- Жалпы білім беру мекемелері басшылары ата-аналар қауымдастығымен бірлесіп сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салу салу туралы шешім қабылдайды, - дейді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.

Егер де жаңа ереже енгізілетін болса, мектеп басшылығы балалардың гаджеттерінің сақталуына жауап беруі керек. Яғни, былтыр осы заң мемлекеттік мекемелер үшін де қабылданып, ондағы қызметкерлер мекемеге кірер алдында арнайы сақтау жәшіктеріне сенсорлы ұялы телефондарын қалдырып кетеді. Осы сынды мектептерде де ұялы байланыс құралын салып кететін жәшіктер болуы керек.

- Ал балабақша тәрбиешілері мен көмекшілеріне смартфон пайдалануға тыйым салынудағы негізгі себеп – 2016 жылы Білім басқармасы басшысының блогына мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері өздерінің функционалды міндеттерін бұзғандықтарына қатысты 10-нан астам өтінімдер келіп түскен, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмаділова. - Мәселен, тәрбиешілер смартфонға айналып балаларды қараусыз қалдырады, ал ол әрекет өз кезегінде жайсыз жағдайларға соқтырады. Осыған орай, облыстық ата-аналар қоғамдық кеңесінің шешімімен тәрбиешілер мен көмекшілеріне жұмыс уақытында смартфондар пайдалануға тыйым салынады.

Назерке Кәрімова
Следующая →