Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Уақытша тіркеу қалай бақыланатын болады?

Енді еліміздің әрбір тұрғыны өзге қала немесе ауылға демалуға, жұмыс сапарымен, өзге де мақсаттармен барған жағдайда уақытша тіркеуге отыруы керек

2016 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтуді қарастыратын заңға қол қойған болатын. Заңға сәйкес, жалға берушілер өз жылжымайтын мүліктерінде тұрып жатқан адамдарды тіркеуге міндетті. Бұл заң Ақтөбе мен Алматыдағы терактілерге байланысты қабылданып отыр. Осыған орай, 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап уақытша тіркелмеген азаматтар анықталатын болады.

- Азаматтардың тұратын жері бойынша тіркелуді тексеру жұмыстарын жүргізуге байланысты арнайы тексерулер жүргізілмейді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қызметтік міндеттерін жүзеге асыру барысында және жедел-профилактикалық іс-шараларды орындау кезінде жүзеге асыратын болады, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Яғни, ішкі істер органдарының қызметкерлерімен «Құқықтық тәртіп», «Нелегал», «Мигрант», «Участок», «Пәтер» және басқа да жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында, сондай-ақ «Жеке тұлға» Мемлекеттік деректер базасының мәліметтерін өзектілендіру бойынша жұмыстар жүргізу барысында анықталатын болады.

- Тұратын жер бойынша тіркелу тәртібін бұзушыларды анықтау бірінші кезекте учаскелік полиция инспекторларымен қызмет көрсететін аумағындағы үйлерді, пәтерлерді аралау кезінде де анықталады, - деп толықтырды Бақытжан Торғаев.

Сонымен қатар ішкі істер органдарының қызметкерлері қажет болған жағдайда халықты құжаттандырып тіркеу базасы бойынша салыстырып тексеру жүргізетін болады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 492-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлік бойынша, тұратын жері немесе уақытша келген (тұрған) жері бойынша он күнтізбелік күннен бастап бір айға дейін (бұрын - он күнтізбелік күннен бастап үш айға дейін болған) тіркеусіз тұрғаны үшін ескерту алады.

- Аталған баптың 2-бөлігімен Қазақстан Республикасының азаматтары жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлік бойынша, тұратын жері немесе уақытша келген (тұрған) жері бойынша бір айдан астам уақыт тіркеуде болмаса, жеті айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы.

Егер тұрғын үйді жалдап тұрушы уақытша тұрған жері бойынша тіркелмесе, ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша, ал жалға беруші жоғарыда аталған Кодекстің 493-бабы 5-бөлігі бойынша, яғни жалға берушінің меншік

иесінің немесе пайдаланып отырған басқа тұлғаның тұрғын үйіне, ғимаратына немесе бөлмесіне жеке тұлғаның тіркеусіз тұруына жол бергені үшін екі тарап бірдей жауапкершілікке тартылатын болады.

Ерке Биғазина
Следующая →