Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Жайылымдар туралы» заң жобасы қабылдана ма?

Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сергей Плотников ШҚО депутаттары мен ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен кездесті

Шығыс Қазақстан облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Плотников өз кездесуін жиналғандарды өткен мерекелермен қазақ тілінде құттықтауымен бастап, өңір тұрғындарын бір қуантып тастады. Кездесу тақырыбы «Жайылымдар туралы» заң жобасының аясында өтті.

- Жер реформасының комиссиясымен қаралған мороторий жайындағы сұрақтардың 70 пайызы жайылым туралы болып келген. Сондықтан біз қазір қателіктерді қайталамау үшін бейімді түрде сұрақтарды жан-жақты қараудамыз, - дейді Сергей Плотников. - Қазір заң жобасын мәжілістің төменгі палатасы қабылдап қойды. Екінші оқылуда ескертулер мен толықтырулар арқылы біз оны қайта қараймыз. Біз осы толықтырулар мен ескертулер үшін арнайы облыстарға шықтық.

Депутат Парламентте бұл заң жобасын бірден қабылдауға болмайтыны туралы айтып, көндіргенін ескертті. Тек осылайша облыстарға шығып, ұсыныстарды кестеге енгізіп барып, қабылдау керектігін атап өтті.

- Бүгін Сенат депутаттары өз облыстарында аталмыш заң жобасын қарап, талқылап, өңірлерден ұсыныстарды жинап барып, «Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде» әрбір ұсынысты талқылайды, - дейді Сергей Викторович. - Кейбір ұсыныстар қабылданады, кейбірі алынып тасталады. Қаржылық, экономикалық шығындары жоғары болатындары бар, яғни, барлық ұсыныстарды қамти алмайтынымызды ескеру керек. Мүмкін деген басқа заңнамаларға сай келетіндей, нормативтік актілерге қайшы келмейтін заңды нормаларын өткізуге тырысамыз.

Заң бойынша жоба 60 күн ішінде қаралады. Желтоқсан айында заң жобасы төменгі палатамен қабылданды және ескертулер мен кемішіліктер айтылмады. Бірақ депутат талқылаудың өте қызу өтетін түрі барын жасырмады.

Аталмыш заң жобасы қаңтар айының соңында қабылданады, не болмаса қосымша ұсыныстарды енгізу арқылы қосымша жұмыс атқарылады, яки болмаса мүлдем бас тартылады. Міне осындай үш нұсқа бар.

Айдос Мырзахметов
Следующая →