Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бағдаршамдар жаңартылады

Жаңа жылдан бастап қала көшелеріне жеті жаңа бағдаршам қойылады деп жоспарлануда

Солардың бірі Тәуелсіздік даңғылы 8/1 мекенжайында орналасқан толайым сауда базары маңындағы жаяу жүргіншілер жолына қойылмақ. Бұл туралы қалалық мәслихат комиссиясының отырысы барысында белгілі болды.

- Жаңа жылдан бастап жеті көше қиылысындағы бағдаршамдарды ауыстыру жоспарланған, - дейді Өскемен қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов. - Оның ішінде Тәуелсіздік даңғылы бойындағы толайым сауда базары маңы да бар.

Ескере кеткен жөн, бұл аймақтағы қозғалысты реттеу мәселесі бірнеше рет қаралған. Өйткені жүргізушілердің көбі осы жолаушылар өткелі қаладағы ең қауіптісі екенін алға тартады. Сонымен қатар жаңа бағдаршамдар Ворошилов және Гоголь, Ворошилов және Белинский, Мостовая және Карбышев, Бажов және Гоголь, Михаэлис және Космический көшелерінің қиылысы мен Өтепов көшесінде № 44 мектеп жанына да қойылмақ.

Ерке Мұхаметкәрім

Следующая →