Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақтелекомның мобиьді пункті ашылды

Өскеменде «Қазақтелеком» компаниясы қызмет жүйесінің жаңа мобильді пункті ашылды

Телекоммуникацияның облыстық дирекциясы ашқан мобилді пункт халыққа қолайлы болу үшін жаңа «Мұзтау» ойын-сауықтық орталығында орналасқан.

- «Қазақтелеком» АҚ өз пайдаланушыларына үнемі сапалы қызмет көрсетілуі үшін барлық жағдайды жасап отырады. Қызмет жүйесі пунктерін жаңартып отыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ірі сауда орталықтарында мобильді промо-орындар ашылуда. «Мұзтауда» ашылған мобильді офистегі жаңа қызмет көрсету форматы шалғайда тұратын тұрғындар үшін өте ыңғайлы болмақ. Мобильді офистің жұмыс уақыты орталық жұмыс жасайтын кестеге сай екенін де ескере кеткен жөн, - деді «Қазақтелеком» АҚ-ның ШҚО-дағы филиалының бас директоры Ермек Қуанышбеков.

Айта кетейік, бұл жерде әр келуші «Қазақтелекомның» жаңа қызметтерімен танысуына мүмкіндік бар. Сонымен қатар, өзін қызықтырған қызметтер туралы кеңес алып, жеке кабинетте жұмыс жүргізу бойынша дәріс алып, телекоммуникация қызметтерін комиссиясыз төлеп, on-line режімде өтінім қалдыра алады.

Назерке Нұрболатқызы

Следующая →