Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

«Қант патшаларына» айыппұл тағылды

Жидекті кезеңнің қайнаған шағында қант бағасын негізсіз айналдырған сатушылар мемлекеттік бюджетке қыруар қаржы төлейді

Семей мен Өскемен қалаларында қант сатумен айналысатын компанияларға қатысты тергеу аяқталды. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті ағымдағы жылдың шілде айында қант тапшылыққа ұшырап, бағасы тез өсіп кеткен шақта толайым саудагерлердің тәтті шекер бағасын негізсіз өсіргендерін дәлелдей алды. Мұндай жасанды дүрбелең жасағандары үшін сатушылар көрген пайдаларымен төлейтін болды.

ШҚО бойынша ТМР және БҚД хабарлағандай, Өскемен қаласында антимонополия заңнамаларын бұзғандары үшін «Ерке-М» ЖШС, «Өскемен Қант» ЖШС, «Антоненко И.В.» ЖК, «Боков К.Г.» ЖК толайым сатушыларына қарсы әкімшілік іс қозғалған. Дәл сол сияқты Семей қаласындағы «Ақ сұңқар Семей» ЖШС», «Международный туризм «Спутник» ЖШС, «Раимова А.К.» ЖК, «Ермекова Ж.К.» ЖК компанияларына да қарсы іс қозғалса, оларды қарау жұмыстары әлі мәресіне жеткен жоқ. Семей толайым саудагерлері антимонополияның талаптарына қарсы шығып отыр.

Бұл аралықта өскемендік сатушыларға қатысты сот шешімі шығып қойғанын айта кету керек. Қант патшаларының ең аз деген айыппұлы 43 мың теңгені құраса, ең көбі мемлекеттік қазынаны 560 мың теңгеге толтырады. Сонымен қатар толайым саудагерлер қант сатудан көрген монополиялық пайдасын бюджетке аударуға тиісті. Жаза сомасы 49 мың мен 553 мыңның арасында қалықтап тұр.

Дос Сапар

Следующая →