Жол полициялары таяқ ұстамайды
Жаңа жылдан бастап жол патрульдік полиция қызметкерлері енді көлік тоқтату үшін ала таяқты қолданбайтын болды
Шетелдің озық тәжірибесін енгізуге барлық жерлерде фото және бейнетіркеудің енгізілуі ықпал етіп отырған көрінеді.
- Ішкі істер министрлігі органдары жол жүрісін қадағалау кезінде автопатрульдеу әдісіне толықтай көшті. Осы орайда жаяу жүрген полицейлер енді көліктерді тоқтатпайды. Сонымен қатар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін ала таяқ қолданбайтын болады, - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Еркін Мүсілімов.
Енді көліктер Көліктер тек қолдың ишарасымен бір уақыттағы қатар соғылған ысқырықпен немесе көлікке орнатылған дабылмен тоқтайтын болады.
Назерке Нұрболатқызы