Елбасы бірнеше Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және «Волонтерлік қызмет туралы» Заңдарға қол қойды
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар 2021 жылдан бастап қол таңбалары бар жаңа төлқұжат ала бастайды. ІІМ мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш жоба құны 24 миллиард теңгені құрап отыр.
Бұған дейін азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу механизмі түсіндірілген болатын. Заң жобасына сай 12 жасқа толмаған балалар қол таңбаларын тапсырудан босатылады. Ал белгілі бір қылмыс түрімен жауапқа тартылғанар қол таңбасын өткізуге міндеттеледі. Сонымен қатар геномдік ақпаратты жоғалып кеткен азаматтардың туыстары ерікті түрде тапсыра алады.
Нәзерке Кәрімова