2017 жылы қазақ тілінде 30 мың жаңа сөз пайда болады
Жаңа сөздер мен терминдерді жасау жолында ономастикалық комиссия көп жылдар бойы жұмыс жүргізіп келеді. Тәуелсіздік жылдары комиссия 18 мыңға жуық жаңа сөзді бекітті
Республикалық «Мирас» кеңесі отырысы барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова қазақ тіліндегі жаңа сөздер туралы айтты.
Терминологиямен жұмыс барысында мамандар көбінесе ағылшын және француз сөздерін пайдаланады. Сол сарапшылар көшелер мен жергілікті мекендерге атау берумен айналысады. 25 жыл ішінде үш жүз мыңға жуық ауылдың, алты қала мен шамамен сегіз мың көшенің атауы өзгертілді.