Түрік БАҚ-на Карловтың өлімі туралы жазуға тыйым салынды
Түрік БАҚ өкілдеріне ресейлік елші Андрей Карловтың өлімі туралы тергеу амалдары аяқталмайынша жазуға тыйым салды
Тілшілерге әлемді дүрліктірген өлім туралы жазуға Анкараның тергеу бюросы рұқсат бермей отыр. Жаңалықтардан іске қатысы бар және күдіктілер туралы жазуға және оқиғаның суреттерін жариялауға болмайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов Анкарадағы заманауи өнер орталығында сурет көрметінің салтанатты ашылуы барысында террористің қолынан өлді. Бұл өлімге қатысы бар 3 күдікті ұсталды. Олардың барлығы терорристің туыстары.