Қазақстан мен Қытай бірлесіп киноөндірісті реттеуде
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен China Film Group Corporation президенті Цзян Хунфан Астанада кинематография саласындағы сұрақтарды талқылады
Фото:
vseprokino.kz
Кездесуге қатысқандар билік аралық келісімге тезірек қол қою үшін барлық күштерін салу жөнінде келісті. Ол өз кезегінде фильмдердің прокатына, кино өндіріс саласының дамуына, екі жақты қарым-қатынастың нығаюына қосымша септігін тигізеді.
- Сіздің келуіңіз – Қазақстан мен Қытайдың кино өндірісін реттеу үшін берілген керемет мүмкіндік. Қытайдың кинонарығы әлемдегі ең тартымды жобалардың бірі болып табылады. Қытайлық аудитория 800 миллионнан артық көрерменді құрайды. Сондықтан сіздердің кинонарықтарыңызға шығу Қазақстан үшін үлкен жетістітерге жол ашады, - деді А. Мұхамедиұлы.
Сондай-ақ ол қытайлық киностудиялар мен дистрибьюторларды қазақстандық кинонарықта белсенді түрде бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Цзяо Хунфэн өз кезегінде қазақстанмен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. China Film Group Corporation–ның Қазақстанда қытай симфониялық музыкасының негізін салушы Си Син Хайдың өмірі мен шығармашылығы туралы фильм түсіргісі келетіндігін айтты.
- Си Син Хай біздің дос халықтардың арасындағы мәдени көпірге айналды. Біз оның өмірі жайлы фильмді Қазақстанда түсіргіміз келеді. Оның өміріндегі осы уақыт жайында көбірек білу үшін, - деп атап өтті China Film Group Corporation президенті.
А. Мұхамедиұлы «Қазақфильм» компаниясы түсірген фильмдермен танысып шығуға ұсыныс жасады. Ол өз кезегінде екі ел арасында фильмдер прокаты үшін аса қажет. Қытай өкілі аталған бағытта екі жақты пайдалы жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.
Следующая →