Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Интерфакс

Бірінші президенттің мәртебесі енді қандай болмақ?

Заң шығарушылар қазіргі таңда Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі туралы бапқа түзетулер енгізуде, жаңа заң бойынша, енді ҚХА мен елдің Қауіпсіздік кеңесін Президент ҚасымЖомарт Тоқаев басқарады

Новости Казахстана / Политика в Казахстане / Как изменится статус Первого Президента РК
Фото:
Акорда

Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойына еліміздің Конституциялық кеңесінің мүшесі болу құқығын сақтайды, сондай-ақ ел үшін маңызды мәселелерді талқылағанда Парламент пен Үкіметте сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Интерфакс-Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Тұңғыш Президент туралы» заңның мәртебесі мен өкілеттіктері туралы бапқа өзгертулер енгізілді. Оған сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай Қазақстан халқы Ассамблеясы мен еліміздің Қауіпсіздік Кеңесін басқармайды. Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында оның Республика Парламенті мен оның палаталары алдында сөз сөйлей алатыны, ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде Үкімет отырыстарына қатыса алатыны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі бола алатыны туралы мәліметтер сақталады.

Бұған дейін осы баптың 2-тармағында Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілген болатын.

Өткен сәрсенбіде Мәжіліс жалпы отырыста Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуінен бас тартуды көздейтін заңнамаға түзетулерді мақұлдады.

Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

Следующая →