Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты шешім қабылданды

Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары екі ел арасындағы әріптестікті дамытудың жай-күйін талқылады

Премьер-министр Асқар Мамин Қырғызстан республикасының премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады үкімет басшысының сайты.

Әңгімелесу барысында Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында барлық өткізу бекеттерін ашу және екі ел арасындағы кедергісіз жүк тасымалдарын қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар тараптар коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес пен халықты COVID-19-дан қорғаудағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі жеті өткізу пунктінің бесеуінде коронавирустың таралу қаупіне байланысты жұмысты тоқтатқанын хабарлаған болатын. Қазіргі кезде эпидемиологиялық жағдай жақсарғандықтан, барлық өткізу бекеттерінің жұмысы біртіндеп қалпына келтіріледі, деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Следующая →