ШҚО-дағы COVID-19 жұқтырған 11 адамның оны Семейден
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам ауру белгілерімен анықталды
Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 10 маусым күні Семей, Өскемен қалаларында 11 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.
Науқастардың ішінде 10 адам Семей қаласының тұрғындары.
⠀
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
⠀
2020 жылғы 10 маусым жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 215 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 83.
Следующая →
Науқастардың ішінде 10 адам Семей қаласының тұрғындары.
⠀
- Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар Семей қаласына тиесілі 10 науқастан денсаулық жағдайларына байланысты өз өтініштерімен келген тұлға ретінде алынса, 1 науқас Нұр-Сұлтан қаласынан Өскемен қаласына келген тұлға ретінде тексеріліп анықталды, - дейді Облыс әкімінің баспасөз қызметі.⠀