Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ЖТС 15%-дан аспайтынын айтты

Мемлекет басшысының сөзіне сүйенсек, жеке табыс салығы туралы өзгеріс жылдық табысы 25 млн теңгеден асатын адамдарға қатысты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында Үкіметке берген жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасының мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Kazpravda.kz Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

- Үкіметке бұл сұрақты жан-жақты зерттеуді тапсырдым. Ертелі-кеш әділдік үшін бұл мәселеге келуіміз керек деп ойлаймын. Бұл жаңалықтың мақсаты әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету. Табысы аз адамдар салықты аз төлеуі тиіс, - деді ҚР Президенті.

Ол дәулетті қазақстандықтар салықты көбірек төлеуі қажет екенін қосты. Мұндай жүйе бірқатар мемлекетте қолданылады.

- Менің түсінігімше, айына 250-300 мың теңге жалақы алатын азаматтар табыс салығын 7 % мөлшерлеме бойынша төлеуге тиіс. Яғни, қазіргі 10 пайыздық мөлшерлемеден төмен болады. Ал, айына 300 мың теңгеден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қазіргі 10 пайыздық мөлшерлеме сақталады. Жылына 25 миллион теңгеден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме көлемі артуы тиіс. Мөлшерлеме көлемін Үкіметтің комиссиясы анықтайды. Бұл 13 немесе 15% болуы мүмкін. Алайда , жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесінің жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек, - деді Тоқаев.
Следующая →