Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан билігі бейбіт жиын туралы заң жобасын мақұлдады

Сонымен қатар, мәжілісмендер бейбіт жиналысты ұйымдастыруға және өткізуге бас тартылуы мүмкін жағдайлардың толық тізбесін анықтады

Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күнгі пленарлық отырыста "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұған дейін Мәжіліс депутаттары заң жобасына "жиналыс өткізу пайдасының презумпциясы" жаңа норманы енгізген.

- Бұл жиналысты өткізуге шектеу немесе тыйым салу үшін негізді себептер болмаған жағдайда мұндай жиналыс өтуі мүмкін дегенді білдіреді, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Сондай-ақ, бейбіт жиналыстар арнайы орындарда өткізілуі тиіс екендігі анықталды. Бұл орындарды заң жобасына сәйкес жергілікті өкілді органдар анықтайды. Заң жобасында осындай орындарға бірқатар талаптар тұжырымдалған.

- Митингтердің қалалар мен ауылдардың орталық бөліктерінде болуы, бейбіт жиналыстардың мақсатына жету мүмкіндігін, ұйымның ыңғайлылығын, ұйымдастырушылардың және қатысушылардың инфрақұрылым объектілерін пайдалану мүмкіндігін, санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың, басқа да адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс, - деп атап өтті Қанат Мусин.
Следующая →