Қазақстанда Қырғызстан азаматтарын шекарадан өткізуге уақытша тыйым салынды
Бұған дейін Қырғызстан азаматтары Қазақстанға ID-card, яғни жеке куәлікпен кіре алатын. Неліктен мұндай шешім қабылданғаны әзірге белгісіз
8 наурыздан бастап Қазақстан Қырғызстан азаматтарына паспортсыз кіруге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
- Қазақстан тарапы мұндай шара неліктен қабылданғанын түсіндірмеді. Бірақ бұл коронавирустың таралуына байланысты болса керек. Сеул-Алматы рейсі бар. Кейбір қырғызстандықтар Оңтүстік Кореядан ұшып келіп, шекарада жеке куәліктерін көрсететін, - деп түсініктеме берді Қырғызстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Әбдірахманов.Бұған дейін Қырғызстан азаматтары жеке куәлік арқылы Қазақстан мен Ресейге ұша алатын. Қазіргі уақытта Ресей Қырғызстанға қатысты мұндай шектеу қойған жоқ.