Өскемендік әйел өзінің құрбысын тонаған
Қаскүнем өзінің танысының үйінен зергерлік бұйымдар мен қымбат гаджеттерді ұрлап кеткен
Заттардың иесі жоғалып кеткенін бірден байқамай, тек дәл бір ай өткен соң, 9 сәуірде полицияға шағымданған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Зардап шегуші қызметкерлерге 9 наурыз күні кешкісін оның үйіне құрбысы қонақта болғанын айтқан. Одан кейін үйден рубині бар алтын сырға, бес гауһар тасы бар алқа мен Samsung және LG маркалы екі телефон жоғалып кеткен.
Жедел іс-әрекет барысында тәртіп сақшылары облыс орталығының 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
- Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 - бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Өскемен қаласы ІІД баспасөз қызметі.