Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан Тәжікстанға қару-жарағын бермек

Сенат Қазақстанның қару-жарағын Тәжікстанға беру тіралы заң жобасын мақұлдады

Заң жобасына сай, Қазақстан қару-жарақты Душанбеге жеткізу шығынын өзі өтейді, ал Тәжікстан қаруды үшінші қолға өткізбеуге міндеттеледі, деп жазды Tengrinews.kz сайты.

- Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарадағы жағдай күн сайын ушығып барады. Күнделікті ірі көлемде есірткі өткізбек болған террорлық топтармен атыс-шабыс орын алып отыр. Сондықтан да көршілер тәжік елінің қарулы күштеріне көрсетілгелі отырған техникалық көмек дер кезінде жасалып отыр және бүкіл Орта Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз етпек, - деп мәлімдеді сенатор Талғат Мұсабаев.

Келісім бойынша Қазақстан Тәжікстанға бір рет қару-жарақ, әуеден зақымдау құралдары, артиллериялық құралдар, радиациялық, биологиялық, химиялық қорғаныс мүліктері, тыл және медицина мүліктерін береді.

Елдің қорғаныс министрі Талғат Мұхтаровтың айтуынша, бұл Қазақстан әскері мен қорғанысына ешқандай әсер етпейді.

Следующая →