ШҚО-да тіркелмеген қару-жарақтарын өткізіп жатқан тұрғындар көп
Бір күннің ішінде 40-тан астам қару әкеп өткізген
10 сәуірден бастап тұрғындардан заңсыз қаруларды жинау акциясы іске қосылған болатын. Облыс тұрғындары кешеден бері полицейлерге әкеп ұңғысы тегіс 39 қару мен екі ұзын қару өткізген.
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, Алтай, Бородулиха, Күршім ауданының тұрғындары белсенділік танытуда.
- Кеше Бородулиха ауданының 62 жастағы тұрғыны үш қару әкеп өткізді. Оның айтуынша, бұл қарулар қайтыс болған ағасынан қалған екен, - дейді баспасөз қызметі.
Мамандардың есебінше, кеше өткізілген қарулардың иесіне 2,2 млн теңге төленген.