Астана мен Алматыда елорданың атауын өзгертуге қарсылық білдіргендерді тұтқындады
Куәгерлердің айтуынша, астанадағы "Шапағат" сауда үйі мен Алматыдағы Панфилов көшесінің қиылысында жиналған азаматтарды полиция қызметкерлері салып әкетіп жатты
Қазақстанның астанасында Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп атауға қарсылық білдірген он шақты адамды тәртіп сақшылары алып кетті, деп хабарлады куәгерлер "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.
- Таңертең адамдар "Шапағат" сауда үйі маңында жинала бастаған. Тәртіп бұзған әрекеттер байқалмады. Ешқандай шу шығармастан өздерімен-өздері сөйлесіп тұрған (...) Шамамен, 60 адамды полиция қызметкерлері алып кетті, - деді ол.
"Власть" интернет-журналы "Азаттык" радиосының тілшісі Светлана Глушакова да тәртіп сақшыларының қолына түсті деп жазды. Қазіргі уақытта тілшінің телефоны сөндірулі.
Ал Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі тілшілермен байланысқа шықпай отырған көрінеді.
Әлеуметтік желідегі куәгерлердің жазбаларына сүйенсек, жұма күні Алматыдағы Панфилов көшесінің қиылысында да бірнеше азамат Астананың атауын өзгертуге қарсылықтарын ашық білдіре бастаған.
Осыған орай, полиция қызметкерлері 20 адамды тұтқындады.
"Интерфакс-Қазақстан" агенттігі осы жағдайға байланысты да Алматы қаласының полиция департаментінен ешқандай түсінік ала алмай отыр.