Қазақстанның ұлттық экономикасының бұрынғы министрі жаңа тағайындау алды
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының өкімімен Алпысбай Ахметов Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
40 жастағы Тимур Сүлейменов 2016 жылдың желтоқсанынан бастап Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды, сонымен қатар бұған дейін экономика және қаржы саясаты жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болды.