Өскемен қаласының әкімі қалалықтарға пропанның сасық иісінен құтылуға уәде берді
Жақсылық Омар бүгін қала бойынша рейд кезінде Гоголь көшесіндегі бір аулаға барып қайтты
Аталған ауланың тұрғындары жұмыс істемейтін газгольдерден қолайсыздықтарға бірнеше рет шағымданды.
Қала тұрғыны Елена Честныхтың айтуынша, бірнеше жыл бойы бірнеше үйдің тұрғындары бұрыннан жұмыс істемейтін газ резервуарынан шыққан сасық иістен зардап шегіп, оны жоюды талап еткен. Ал оның орнына балалар алаңын салу ұсынылуда. Облыс орталығының тұрғындары "жансыз" құрылғы адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізетініне сенімді, - деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Әрбір газгольдер бес жыл бойы пропанның сасық иісін бермейді. Әрбірі емес. Ал бізде барлық аулаға иісі шығып тұр. Барлық тұрғындар шағымданады. Біздің демікпесі бар балаларымыз мұның бәрімен тыныс алады, - дейді ол.
- Мен өзімнің демікпеге шалдыққаныма 30 жыл болды, бірақ бала ауырып және әр отбасында демікпеге шалдыққан адам блған жағдайда бұл қорқынышты, - деді аталған ауданның басқа тұрғыны.
Қала тұрғындары сенімділік үшін Жақсылық Омардан құрылғыға жақындап барып, оның "хош иісін" байқап көруді өтінді. Алайда, сасық иіс қашықтықтан сезіліп тұрғандықтан, бұндай қажеттілік болмады да. Анықталғандай, тек №7 Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің аумағында 36 газгольдерлер бар. Ал олардың 4-уі ғана жұмыс істейді, қалғандары жұмыс істемейді. Сонымен қатар бұл шағым алғашқысы емес. Қала басшысы газ иісіне шағымданатын көптеген аулаларда жеке өзі болып жүргенін растады. Сондай-ақ, ол қалалық билік газгольдерлер мен жертөлелерді бөлшектеу туралы шешім қабылдағанын атап өтті.
- Біз газгольдерлер мен жертөлелерді бөлшектеу бағдарламасын қабылдадық. Қала бойынша 148 резервуарлар бар. Ескі газгольдерлерді бөлшектейміз, ескі жертөлелерді осы жылы жабуды бастаймыз. Бірақ алдымен жертөлелердің қожайындарымен әңгіме жүргіземіз, өйткені олардың барлығы келіспейді. Себебі олардың кейбіреулері осы күнге дейін әлі де тұздықтары мен тосаптарын сонда сақтайды, - деп атап өтті қала әкімі.
Әкім айтқандай, жұмыс істемейтін газ резервуарларын бөлшектеу жақын арада басталады. Бұнымен айналысатын компания анықталды. Бөлшектелген темір сыйымдылықтарды сату жоспарланып отыр.