Павлодар әкімі кәсіпкерлермен әр ай сайын кездесу өткізуді жоспарлап отыр
Павлодар қаласының кәсіпкерлері ай сайын қала әкіміне жеке сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды
Павлодарда билік пен бизнестің арасындағы жаңа байланыс формасы - "Кәсіпкердің сағаты" енгізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
- "Кәсіпкерлік сағат" квазимемлекеттік мекемелердің жетекшілермен тікелей байланыс, сондай-ақ, табиғи монополияларға тікелей қолжетімділік, бұл бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Павлодар қаласының әкімі Әнуар Құмпекеев.
Мұндай форма кәсіпкерлерге қала әкіміне және басқа мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларына тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік береді.