ҚР ІІМ жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға айыппұл салынбайтындығы туралы хабарламаға жауап берді
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды алып тастау туралы ақпараттық бюллетеньге түсініктеме берді
WhatsApp арқылы таратылған жол ережесін бұзғаны үшін салынатын әкімшілік айыппұлға рақымшылық жасалатындығы шындыққа жанаспайды.
WhatsApp-та қазақстандықтарға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар алып тасталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
- Ереже бұзғандардың айыппұлдары кешіріліп жатыр. Сотқа жіберілмеген айыппұлдар алынып тасталады. Егер қаласаңыз, рақымшылыққа ілініп, айыппұлдарды алып тастай аласыз. Осыны жасау үшін, Достықтағы және Қайтпас 2-дегі ХҚКО-ға бару керек, - делінген WhatsApp арқылы таратылған дыбыстық хабарламады.
Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев хабарламадағы ақпараттың жалған екендігін айтты.