Өскемен
облачно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +9°
$
488.26
-0.19
530.54
+1.35
¥
68.59
5.03
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттердің елшілеріне сенім грамоталарын табыстады

Нұрсұлтан Назарбаев барлық елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияның ресми басталуымен құттықтады

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы сенім грамоталарын Төтенше және Өкілетті елшілерге табыстады: Тәжікстан Республикасының - Хайрулло Ибодзода, Жапония - TТацухико Касаи, Чехия - Рудольф Гикл, Хорватия Республикасы - Рефик Шабанович және Вьетнам Социалистік Республикасы - Нгуен Тхи Хонг, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Президенті олардың жұмысы маңызды қызметтерді жүзеге асыру кезінде басталғандығын атап өтті.

- Біздің мақсатымыз - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру. Қазақстанның болашағы заманауи технологияларды жақсы меңгерген жас ұрпақтың қолында. Сондықтан, биыл мен жастар жылы деп мәлімдедім, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев іскерлік ахуалды жақсарту, шетел инвестицияларын тарту және қазақстандық экспорттау бағытын кеңейту жөніндегі бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы әңгімелеп берді.

- Жетекші ядролық державалар арасындағы қақтығыс бүкіл әлемді алаңдатады. Осыған байланысты, аралық және қысқа аралық зымырандарды жою туралы шарттың талаптарын бұзу қаупін атап өткім келеді. Бейбітшілікке тілек білдірген мемлекеттер жаңа жаһандық апатқа қарсы тұруға және оны болдырмау үшін шаралар қабылдауға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бітімгершілік қызметінің нәтижелеріне назар аударды және әлемде ядролық қаруды таратпау жөніндегі қабылданған қадамдардың маңыздылығын атап өтті.

Сөз соңында Қазақстан Президенті елшілерге дипломатиялық қызметінде табыстар тіледі.


Следующая →