Мадуро әскері Колумбияның гуманитарлық көмегі келе жатқан көпірді бөгеді
Венесуэлада әскерилер гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі келтірді
Көмек жеткізуді Венесуэла президенті Хуан Гуайдоның өзі ұйымдастырды. Сонымен қатар, ол елдің билігі гуманитарлық көмекті жеткізуді бұғаттауға құқығы жоқ екенін мәлімдеді.
Алайда Колумбияның Кукута қаласы мен Венесуэладағы Урения қаласының арасындағы шекаралық көпір жүк контейнерімен бітелді.
Қарулы күштерге Гуайдоға қолдау көрсетуді талап ететін қарсылықтарға қарамастан, қауіпсіздік күштері көбінесе заңды билік жағында қалып отыр.
- Венесуэла ешкімнен көмек сұрамайды. Егер олар көмектесуге тырысса бұғатты көтеріп, санкцияларды алсын, - деді Николас Мадуро.