Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда жастарға арналған әлеуметтік желі құрастырылды

Интернет-платформаның жобасы кешегі форумда Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылған

Қазақстандық желіні 12 және 14 жастағы Амина мен Алиля ойлап тапты. Сәті түсіп, жасөспірім қыздар әлеуметтік платформаны күні кеше ғана Елбасына таныстырды. Нұрсұлтан Назарбаев жастардың өнертабысына оң бағасын берді, деп хабарлайды Baq.kz сайты 24 телеарнасына сілтеме жасап.

- Бәрі тамаша өтті. Елбасы бізді мақтап-мадақтап, мұндай платформаның бүгінгі жастарға берер пайдасы мол екенін айтты. Сонымен бірге Қазақстан Президенті біздің алдымызда әлі талай мүмкіндіктер ашылатынын тілге тиек етіп, сол мүмкіндіктерді қалт жіберіп алмау қажет деп ақыл-кеңес берді. Және біз ойлап тапқан әлеуметтік желіні әрі қарай дамыту керектігін сөз етті, - дейді Next Generation жобасының авторы Амина Нарықбаева.

Generation Next деп аталатын портал - бұл әлеуметтік желінің жаңартылған түрі. Дәлірек айтқанда, сайт өзіне бірнеше интернет-ресурстарды біріктірген. Мұнда ғаламтор пайдаланушылары бір-бірімен танысып, әңгімелесіп қана қоймай, сонымен бірге сан түрлі тақырыпта жаңалықтар оқып, психологтың ақыл-кеңесіне жүгіне алады.

Следующая →