Адамзат дамуына үлес қосқан мемлекеттердің тізімі жасалды
The Good Country Index тізімі 30 параметр бойынша 153 мемлекетті есептеп шықты
Басты мақсат – адамзат өркениетіне үлес қосқан мемлекеттердің тізімін жасау, деп хабарлайды Новости РАА.
Бұл рейтингте бірінші орынды Финляндия елі алды. Ал ТОП-10 тізіміне Швейцария, Норвегия, Франция, Испания мен Канада енді.
Финляндия қоршаған ортаны қорғау мен адам құқығын сақтау, ғылыми еңбектерді жариялау, патенттеу, баспасөз еркіндігі, кибершабуыл, еркін сауда аймағын құру бойынша үздік жетістіктерге жеткен.
Ал Қазақстан бұл тізімде 105 орында тұр. Көрші Ресей мен алыс Америка 41-ші және 40-орындарды бөліп алды.