Қазақстан 2019 жылы Қытай, Ресей, АҚШ және ЕО саммитін өткізуді жоспарлап отыр
ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін АҚШ, Ресей Федерациясы, ҚХР және ЕО басшыларының саммитін өткізу мүмкіндігін қарастыруда
Саммитті өткізуді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен БҰҰ-ның арнайы сессиясын өткізу немесе халықаралық қауіпсіздік мәселелері туралы АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропалық Одақ басшыларымен кездесу өткізу туралы ұсынысты талқылады.
- Еуропалық дипломаттың айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсыныстары халықаралық қоғамдастық үшін өте өзекті, ол одан әрі іске асырудың маңыздылығына назар аударды және кездесудің тұжырымдамасын бөлісуді сұрады, - деп атап өтті СІМ.