Өскемен
Қалың бұлтты
-27°
  • Өскемен
    -27°
  • Семей
    -17°
  • Алматы
  • Риддер
    -12°
  • Астана
    -22°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Ақтау
    +4°
  • Атырау
  • Қарағанды
    -23°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -20°
  • Қызылорда
  • Павлодар
    -18°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
  • Түркістан
    +6°
  • Орал
    -6°
  • Шымкент
    +5°
$
496
588.01
¥
71.8
6.42
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азық-түлік өнімдерін түрлі түспен таңбалауды ұсынды

Тамақ өнiмдерiн таңбалау тұтынушылардың өнiмнiң құрамы жайында нақты ақпарат алуына мүмкiндiк бередi

Алматыда "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және таңбалануы" тақырыбында халықаралық форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа таңбалау ережелері тұтынушылардың  өнім таңдағанда толық ақпарат алуына мүмкіндік береді.
- Қазір бізде көптеген белгілер бар, олар ақпаратты тұтынушыға толық бермейді. Ал әртүрлі қаріптердің салдарынан қаптама сыртына өнімнің құрамы туралы ақпараттар толық сыймай жатады. Тұтынушы қаптамадағы кішкентай әріптерді тек үлкейткіш әйнекпен көре алады. Бұл ыңғайсыз. Қауіпсіздік үшін пайдалы ақпараттар туралы тұтынушыға хабарлауымыз керек, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.
Осыған байланысты, белгілі бір заттардың құрамына қарай - қызыл, сары және жасыл сияқты әр түрлі түспен белгілеу ұсынылды.

Бұл өнімнің зиян немесе пайдасы туралы емес, қант, тұз, консерванттар сияқты заттардың құрамы туралы дерек көзі болады.

Ал ет, көкөніс, жеміс-жидек секілді шикізаттар белгіленбейді.
Следующая →