Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы болған Сұңғат Есімханов Энергетика министрлігінің жаңа вице-министрі болып тағайындалды
Сұңғат Есімханов мемлекет қаражатын жымқырды деп айып тағылған бұрынғы вице-министр Анатолий Шкаруптың орнына келді, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan сайты.
Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылы Алюминий Қазақстан гидрометаллургиялық шеберханасында инженер ретінде бастады. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде бөлім бастығы болып жұмыс істеді, 2010-2013 жылдары "Казэнергоэкспертиза" компаниясының президенті болды.
Осы уақытқа дейін Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.