ҚР ІІМ анонимді төлемдерді жасауға тыйым салуды ойлап отыр
Ішкі істер министрінің айтуынша, ғаламтор арқылы есірткі саудасы өршім тұр әрі лаңкестік жағынан да қауіп төнуі мүмкін
- Қазір тек сатып алушыларды ғана ұстауға мүмкіндік бар. Байқауымызша, есірткі сатып алушылардың көбі QIWI-әмиян арқылы төлем жасайды. Біз анонимді төлем жасауға мүлдем тыйым салуды ұсынып отырмыз. Қаржы министрлігі Ұлттық Банкке осындай ұсыныс жасап отыр. Есірткі сатып алушылармен қатар оны таратушы дилерлерді де ұстауымыз қажет, ол үшін ақша айналымын қадағалау қажет, - дейді Ішкі істер министрі Қ.Қасымов.
Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі "Төлем және төлем жүйесі туралы" заңға өзгерістер енгізіп жатыр.