Қазақстанда энергия үнемдеу жөнінде алғашқы халықаралық форум өтуде
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп, Астана қаласында Энергия үнемдеу жөніндегі алғашқы халықаралық форумды өткізді
Форум Қазақстандағы Энергия үнемдеу күнінің он жылдығын мерекелеуге орайластырылған, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайты.
Форумға ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр, БҰҰ-ң Тұрақты үйлестірушісі Тұрақты өкілі Норимас Шимомура, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты.
Форум аясында энергия үнемдеу саласының өзекті мәселелері талқыланады.
Роман Скляр атап өткендей, Қазақстан экономикасының дамуына байланысты энергия ресурсына деген қажеттілік арта бастады. Сонымен бірге, тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанның шартты ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 52 пайызға азайып, сол кезеңде әлемдік экономиканың да энергия сыйымдылығы 21 пайызға қысқарған.
- Соңғы он жылда Қазақстанда энергия үнемдеудің негізгі шарттары жасалды: бұл салалық заң, аймақтық энергия үнемдеу жоспарлары, мемлекеттік энергетикалық тіркелім және Энергияны үнемдеуді дамыту институты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, UNIDO , DENA, Дүниежүзілік банк және басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатылды, - деді Роман Скляр.
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашевтың айтуынша, Ұлттық жоспар аясында энергияны үнемдеуді ынталандыру мақсатында энергия қызметтері нарығын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Энергия үнемдеу саласындағы қызметтерді жеке меншік энергетикалық компаниялардың дамуын ынталандыруға, өздерінің шығындарын өтеп, нақты энергияны үнемдеуден пайда табуларына баса назар аударылды.