Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қарағанды облысының әкімі қанша еңбекақы алатынын айтты

Облыс әкімінің негізгі еңбекақысы 967 мың теңге

Ерлан Қошанов ай сайын қолына 786 мың теңге ұстайды екен. Қарағанды облысының әкімі өз жалақысын жұбайына беретінін де жасырмай айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағанды облысының әкімі өз сұхбатында жалақысын ел үкіметі бекіткен ережеге сәйкес алатынын айтты. Бұл тұста шенеуніктің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне де мән берілетінін атап өтті. Қошанов бұл салада 20 жылдан астам қызмет етіпті.

- Еңбек өтіліме байланысты менің жалақым - 967 мың 672 теңге. Бірақ барлық салықты алып тастағанда, қолыма 786 мың 642 теңге тиеді, - деді өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, ол өзіне ешқандай сыйлықақы мен үстеме ақшаны қосымша жазып алмайды. Алайда қоластындағыларды барынша жиі қуантып тұруға тырысады екен.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов уақыты өте тығыз болғандықтан, отбасылық бюджетті толықтай жұбайына сеніп тапсырғанын жасырмай айтты. Сондықтан ай сайынғы еңбекақысын да соған береді екен. Ол ақша әдетте, күнделікті тамақ пен коммуналдық төлемдерге, киім-кешекке кетеді дейді ол.

Следующая →