Қазақстанда заң жасау үшін жасанды зерде қолданылады
ҚР Әділет министрлігі нормативті-құқықтық актілерді жасау үшін сараптамалық мәліметтерді өңдеу үшін роботты пайдалануды жоспарлауда
- "Е-заңнама" ақпараттық жүйенің жасалып жатқанын атап өткім келеді. Жүйе қомақты мәліметтерді өңдейді - "Big data". Олар ғаламтор ресурстары мен мемлекеттік органдар базасынан интеграция арқылы түсіп отырады. Алдағы уақытта бұл жүйеге жасанды зерде – роботтар қосылады, - дейді мекеме басшысы Марат Бекетаев.
Министр атап өткендей, робот адамдар үшін заңнама нормаларын жазып отырмайды. Ол мемлекеттік органдардан келген сұраухаттарды өңдеп, нормативтік-құқықтық актілер жобасын жасауға қажетті нәтижені беріп отырады.