ШҚО-да көптен күткен инсульт орталығы ашылды
Зырянда ашылған орталықты дайындап, құырлғылармен қамтамасыз ету үшін 800 млн теңге жұмсалды
Инсульт орталығын ашу жұмыстары мамыр айында басталған. Зырян қалалық ауруханасының бірінші қабаты медициналық ұйым ретінде жабдықталған. Ал бөлінген соманың негізгі бөлігі, шамамен 557 млн теңге, заманауи құрылғыларды сатып алуға жұмсалған.
Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа медициналық мекемеде болып, орталыққа жоғары баға берді. Сонымен қатар, бұндағы мамандардың барлығы шетелден біліктіліктерін арттырып келулері керектігін атап өтті.
- Біз бұндай орталықтарды кішкентай қалаларда салумауымыз керек еді. Бірақ біз салдық. Мен облыстағы медицина бірнеше жылдан кейін елдегі ең үздіктердің бірі болатындығына сенімдімін, - деді өңір басшысы. - Келесі жылы біздің барлық ауруханалардың дәрігерлері шетелге оқуға жіберіліп, тәжірибесі мен білімімен бөлісетін болады.
Бұл орталыққа тек Зырян емес, Катон және Күршім ауданының тұрғындары да қаралатын болады.