Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР Премьер-министрі танымал футурологпен кездесті

Бүгін XI Астана экономикалық форумы аясында "Жасыл экономика: тұрақты өсімнің жаңа моделі" панельдік сессиясы өтті

ҚР  Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев танымал физик әрі футуролог, ғалым Митио Какумен кездесті.

ҚР Премьер-министрінің ресми сайтындағы ақпараттарға сүйенсек, АЭФ-2018 панельдік сессиясында "жасыл экономиканың" өзекті мәселелері талқыланды. Сессия жұмысы кезінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту, ресурстарды үнемдейтін технологияларды, "жасыл экономика" құралдарын енгізу, жоғары технологиялық және ғылымға негізделген салаларға инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. Тұрақты даму саясатын алға жылжытуға қызығушылық танытатын тараптардың мазмұнды ашық диалогы өрбіді.

"Еуразия медиа форумы" халықаралық қорының бас директоры Р. Жемков модератор болған панельдік сессияға жаһандық жасыл өсім институтының президенті, БҰҰ-ның VIII Бас хатшысы Пан Ги Мун, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, Францияның индустрия, энергетика және цифрландыру жөніндегі министрі Эрик Бессон секілді танымал әлемдік саясаткерлер қатысты.

Қазақстан тарапынан энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының алқа төрайымы Әлия Назарбаева, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаев қатысты.
- Бүгінгі таңда күрделі сын-тегеуріндердің бірі - экономикалық өсімді, әлеуметтік тұрақтылықты және ұзақ мерзімді келешекте экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Бұл - жаһандық қауіпсіздіктің ең маңызды мәселелерінің бірі және Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет ретінде тұрақты дамуды және әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзінің жоғары жауапкершілігін сезінеді, - деп атап өтті ҚР Премьер-министрі.
Бақытжан Сағынтаев форум қатысушыларын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығымен таныстырды.

Орталық өткен жылы Астана қаласында өткізілген "Экспо: Болашақ энергиясы" халықаралық көрмесінің негізінде құрылған және ол - аймақтағы "жасыл" экономикалық өсімді нығайтуға бағытталған "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасының жалғасы.
Следующая →