Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Сауда орындары тағы да тексеріледі

Облыс аумағындағы сауда орындары тағы да тексеріледі. Өйткені бірде-бір сауда кешені өрт қауіпсіздігіне дайын емес

Елдің Бас прокуратурасы көрші Ресейдің "Зимняя вишня" сауда кешенінде болған қайғылы оқиғадан сабақ алып, ел аумағында орналасқан қауіпті сауда нысандарының барлығын тексеріп, өрт қауіпсіздігін сақтау деңгейін анықтауға тапсырма берген еді. 

Ал облыстық төтенше жағдайлар департаменті тексерілген 96 нысанның бірде-бірі өрт қауіпсіздігіне дайын емес екендігін айтып отыр. Оның ішінде 76 нысан сауда орталықтары болса, қалғаны - базарлар. Сондықтан күзге таман тағы да тексеріс жүргізіледі. 
- Ірі сауда орындарын тексеру барысында 1500-ге жуық заңбұзушылық табылды. Ал 89 кәсіпкерге 1,1 млн теңге шамасында айыппұл салынды. Барлық сауда орындарының басшыларына өрт қауіпсіздігі кемшіліктерін жою туралы ұйғарым берілді. Егер ұйғарымда көрсетілген уақыт ішінде кемшіліктер реттелмеген болса, онда іс сотқа жіберіледі. Ал сот қатаң шешім шығарып, сауда орындарын жауып тастауы да мүмкін, - дейді ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Мақсат Оспанов.
Құтқарушылардың айтуынша, кейбір сауда орындарынан 20-30-ға жуық заңбұзушылықтар табылған. Бұларға заң бойынша кемшіліктерін қалпына келтіруге ұзағырақ уақыт беріледі. 
- Бұл сауда орындарын бір уақытта тексермейміз. Ұйғарымда белгіленген күнге орай тексеріс жасаймыз. Ал ұйғарымда бір ай, екі ай, тіпті, үш ай деп көрсетілуі мүмкін. Былайша айтқанда, қыркүйекке дейін ірі сауда кешендері тағы бір рет тексеріліп шығуы тиіс. Ал кемшіліктердің барлығын қалпына келтіруге болады. Ешқандай қиындығы жоқ. Кәсіпкерлер де шағымданып отырған жоқ. Барлығы сауда орындарының қауіпсіз болғанын қалайды. Өйткені көрші елде болған қайғылы оқиға барлығына сабақ болған, - дейді Мақсат Құсманұлы.

Следующая →