Нұрсұлтан Назарбаев Қанат Бозұмбаевқа салынған сөгісті алып тастады
Энергетика министріне 11 қазан күні сөгіс салынған болатын
ҚР Президенті Қанат Бозұмбаевтан сөгісті алып тастады, деп хабарлайды МИА Kazinform.
- Мемлекет басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының энергетика министрі Бозұмбаев Қанат Алдабергенұлына салынған тәртіптік жаза алынып тасталды.
Энергетика министріне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін сөгіс тағылған болатын. Оның ішінде елдегі жанар-жағармай материалдарының нарығын бақылауды қамтамасыз етпеген.
Тақырыптар:
Назарбаев снял выговор с Бозумбаева Министр энергетики РК Канат Бозумбаев Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев