Назарбаев әкімдерге азық-түлік бағасын қадағалауды тапсырды
Сонымен қатар, мемлекет басшысы азық-түлік бағасын қадағалауда кеткен кемшіліктен мен қателіктерді талдау қажеттігін ескертті
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев облыс әкімдері мен Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
- Кездесу кезінде мемлекет басшысы облыс әкімдері мен республикалық маңызы бар қала әкімдеріне азық-түлік бағаларын қадағалап, оны тұрақтандыруға тапсырма берді, - дейді президент баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Қазақстан президенті жылыту науқаны кезінде кеткен кемшіліктерді де талдап, оның орнын толтыруды тапсырған. Кеткен кемшіліктер қайта қайталанбауға тиіс.