Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

10 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Нигерияда тараған сары безгектен ондаған адамның өмірі қиылды Нигерияда сары безгек ауруының кең таралғаны туралы РОСБАЛТ хабарлады. Өткен алты ай ішінде елдің 16 штатында 340 адам ауруға шалдығып, олардың 45-і көз жұмған. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, қауіпті инфекция 20 жасқа дейінгі адамдар арасында кең тараған. Ауруды тасымалдайтын масалармен күрес тиісті түрде жүргізілмегендіктен, жағдай мүлдем қиындай түскен. Сонымен қатар, иммунизация халықтың барлық жас аралығын қамтиды. Сары безгек – ыстық ылғалды өңірлерде таралған қауіпті дерт. Оңтүстік Америка және Афпика елдеріне сапар барысында 10 күн бұрын екпе қабылдау керек. Иммунитет өмір бойына сақталады. Иранға қарсы американдық санкциялар туралы шешім жұма күні шығады АҚШ президентінің әкімшілігі біріккен жоспарлар әрекеті аясында Ираннан санкциялар режимін алу, алмау шешімін шығарады, деп хабарлайды Interfax. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл сұрақтар бойынша мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерстон мен қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен кездеседі. - Шешімді жұма күні күтеміз. Аталған сұрақ талқылану барысында, - дейді хабарландыруда. Сальвадордың 200 мың азаматы АҚШ-тан шығарылады Вашингтон Құрама Штаттарда тұрып, жұмыс істеуге рұқсат беретін «уақытша қорғалған азаматтар» статусын беруден бас тартты, деп хабарлайды «Хабар» сайты. Орталықамерикандық республика тұрғындары 2019 жылға дейін АҚШ төңірегінен кетуге немесе қалудың заңды жолын табулары керек. Өйтпегенде, мигранттар қамауға алынып, елден шығарылады. Сальвадордан келушілерге қатысты гуманитарлы бағдарлама 2001 жылдан бері жұмыс істеп келген. Ол Орталық Америкадағы жер сілкінісінен соң енгізілді. Ол кезде жерасты дүмпулерінен мыңнан аса адам қаза тапқан болатын. Мамандардың айтуынша, қазір Сальвадордағы елге қайта оралуға тұрарлықтай жақсарған. Ғалымдар «Бөтен» фильміндегі келімсекке ұқсайтын акуланы аулады Тынық мұхитында, Тайваньға жақын өңірден ауланған акуланың жағы аузынан аса шығатынын көрген ғалымдар еш түсінік бере алмауда. Жыртқыштың қорқынышты түріне орай жылан-акуласы деген атау алды, деп хабарлайды LIFE. Жылан акулалары туралы дерек жоқтың қасы. Болжам бойынша, олар 300-400 метрден 150 метр тереңдікте, түнгі уақытта жүреді.
Следующая →