2020 жылдан бастап мемлекеттік органдар үштілді болмақ
ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев алдағы уақытта шетелдік азаматтар мемлекеттік қызметті ағылшын тіліне алатындығын айтады
Мемлекеттік органдар ресми хатқа он күннің ішінде жауап бермек. Жауап беру – тілі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірі.
- 2020 жылдан бастап шетелдік инвесторлар мемлекеттік қызметті ағылшын тілінде ала алатын болады. Біз бұған кезең-кезеңімен жетпекпіз. Халыққа қызмет көрсету орталығы, аурухана, клиника, мектеп, балабақша, көші-қон, салық қызметі мекемелерінің барлығы ағылшын тілінде сауат ашпақ, - дейді Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Global Investment Roundtable отырысында.