Қазақстан мен Ресей президенттері Сочи қаласында Сирия мәселелерін талқыламақ
РФ Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Сирия мәселелері жөніндегі келіссөздердің келешегі жайында талқылмақ.
Кездесу бүгін, 12 қазан күні, жоспарланған.
Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков Астанада өткен Сирия келіссөздері Қазақстан мен Ресей елдерінің ынтымақтастығының нәтижесі әрі халықаралық аренадағы ірі оқиғалардың бірі екендігін жеткізді.
Көмекшінің сөзіне қарағанда, Астанада келіссөздер халықаралық жанжалды шешуде тиімді нәтижелерге қол жеткізе алды.
- Әскери қақтығыстар азайды. Гуманитарлық көмек жасауға мүмкіндік беретін, әскери қақтығыстардан тыс жатқан бейбіт аймақтар құрылып, жапа шеккен халыққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді, - дейді Ю.Ушаков.