Түркия президенті ресми сапармен Қазақстанға келді
Түркия жетекшісі 2 қыркүйек күні Нұрсұлтан Назарбаевпен болған телефонмен әңгіме барысында Астанаға келу туралы жоспарын айтқан
Түркия президентінің борты Астана әуежайына қонды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасының сайты.
Түркия президентін Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек қарсы алды.
9 қыркүйек күні екі елдің басшылары Ақордада келіссөз өткізеді. 10 қыркүйек күні қос елдің президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым мен технология бойынша саммитіне қатысады.