Семейде үй өртенген отбасыға көмек қажет
Семей қаласының Восточное кентінде болған жазатайым өрт аз қамтылған отбасыны үйінен айырып, тағдырын тәлкек етті.
28 жастағы Семей қаласының тұрғыны Алена Бронникова екі баласын мектепке дайындау үшін дамыл таппай жұмыс жасаған. Өйткені 10 жасар үлкен ұлы Иван бесінші сыныпқа барса, кіші қызы енді ғана мектеп табалдырығын аттамақ.
Алайда 25 тамыз күні болған өрт айрандай ұйып отырған отбасының шырқын бұзды. Алена бұл кезде көрші ауылдардың бірінде бау-бақшада жалданып жұмыс жасап жүрген. Балалар ата-әжесінің үйінде болған. Үйде тек отбасының отағасы ғана қалған. Өрт сөндірілмеген темекінің кесірінен орын алған.
- Аленаның жолдасы мас күйінде үйде ұйықтап қалса керек, - дейді таныстары. - Үйдің ішіндегі заттардың барлығы күл болды, құжаттар да қатар өртеніп кетті.
Иван оқитын №4 орта мектептің оқушысы отбасыға аздаған көмек көрсетіп, Устинка LIVE редакциясына хабарласты.
- Тұрмыстарының нашар болғанына қарамастан Иван сабағын өте жақсы оқиды. Қамқор, мейірімді, талапты бала, - дейді Иванның сыныптасының анасы Асема Витковская. - Иванның сыныптастарының ата-аналары қол ұшын созып, киім-кешектер сыйлады.
Қазіргі күнде зардап шеккен отбасылар әжесінің үйінде түнеп жүрген.
- Зардап шеккен отбасыға арзан саяжай сатып алғымыз келеді. - деді Асема Витковская. - Бірақ қажетті сома әлі жинала қоймады. Сондықтан қайырымды қала тұрғындарынан көмек қолын сұрап отырмыз. Ата-аналар комитеті 5 «В» сыныбының атынан есепшот ашты.
Қазір отбасы кез келген көмекке зәру. Қол ұшын бергісі келетін тұрғындар ата-аналар комитетін құрған Асема Витковскийдің телефонына хабарласуға болады: 8-775-177-66-13.
Следующая →