/ Әлем және Қазақстан

Астанада алғаш рет әлеуметтік қызметкерлер форумы өтеді

Форум заманауи қоғамдағы әлеуметтік қызметкерлер рөлін арттырып, әлеуметтік саланы дамытуға бағытталады
21 тамыз 2017 года, 13:21 1444 Виктор Раченков
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - В Астане пройдет первый форум соцработников
Ақпарат көзі: © Устинка Live Фото: © kswf.kz
20 қыркүйек күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әлеуметтік қызметкерлерінің алғашқы форумы өтеді. Шараны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырып отыр. Алғашқы форумды өткізудің мақсаты: халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызметкерлердің рөлін күшейту; олардың қазіргі қоғамдағы рөлін және әлеуметтік сала дамуына қосқан үлесін мойындау; жинақталған тәжірибені жалпылау және саланы дамытудың негізгі бағдарларын белгілеу. Форум шеңберінде күннің бірінші жартысында 8 секциялық отырыс ұйымдастырылып, өткізілетін болады: -Мүгедектігі бар адамдармен, оның ішінде мүгедек балалармен әлеуметтік жұмыс. -Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен әлеуметтік жұмыс. - Адам саудасының құрбандарымен әлеуметтік жұмыс. -Түрме саласындағы әлеуметтік жұмыс. - Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен әлеуметтік жұмыс. - Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс. - Әлеуметтік жұмыстағы менеджмент. -Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, қазіргі таңда 8 секциялық кездесуді құру жұмыстары жүргізілуде, оның аясында жекелеген тақырыптарды терең талқылау, тәжірибе алмасу, тиімді шешімдер әзірлеу, талқыланатын саланы әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар қалыптастыру және ұсынымдар әзірлеу жоспарланып отыр. Форум туралы толығырақ ақпаратты www.kswf.kz сайтынан алуға болады.

Загрузка...

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз