Полиция Барселонадағы терактіге байланысты тінту жұмыстарын жүргізді
Риполь қаласында жүргізілген жаңа тінту жұмыстары барысында Каталония полициясы түрлі материалдар тәркіледі
Барселонадағы теракті мен Кабрильседегі шабуылдың алдын алған полиция Каталониядағы Риполь қаласындағы пәтерлердің бірінде тінту жұмыстарын жүргізді. Операция барысында екі сөмке мен түрлі материалдар сақталған қорап тәркіледі
Куәгерлердің айтуынша, тінту ауданында көптеген күштік құрылымдар мен полиция жүрген.
Жергілікті полиция Рипольдің тарихи бөлігі саналатын көшелердің бірін жауып тастады. La Vanguardia газетінің ақпарат көздері операция барысында айғай-шудың орын алғанын растады.
Қазіргі уақытта испандық полиция Рипольдан шыққан 22 жасар марокколық Юнус Абуюакубты іздестіруде.
Следующая →