Еуразиялық экономика одақ елдерінде жалпыға бірдей жүргізуші куәлігі пайда болмақ
Еуразиялық үкіметаралық кеңесі ұлттық жүргізуші құқығын мақұлдау туралы мәселені қарастыруға кірісті
Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысы Астана қаласында 14 тамыз күні өтпек. Отырыста тасымалдаудың бірыңғай страгегиясын жасау, ортақ электроэнергетикалық нарықты қалыптастыру, жүргізушілердің ортақ құқығы мәселелері талқыланбақ.
Еуразиялық үкіметаралық кеңесіне Қазақстан, Ресей, Белорусь, Армения, Қырғызстан елдерінің өкілдері енетін орган болып саналады.
Отырыстың күн тәртібінде салааралық бағыттағы интеграцияны күшейту, Еуразиялық экономика одақ елдері арасындағы нарықтық жағдайларды реттеу мәселелері қойылып отыр. Сонымен қатар, одақтас елдер арасында қызмет ететін азаматтардың зейнетақы қорларын қамтамасыз ету, ортақ ұлттық жүргізушілік құқық нормаларын қарау мәселелері де күн тәртібіне қойылған.
Отырыс барысында одақ елдерінің Иранмен сауда-саттық қатынастарын орнату туралы шешімдері де қарастырылмақ.