Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

2018 жылдан бастап Қазақстанда жаңа кеден режімі іске қосылмақ

Аталған жаңашылдық 40 қадам Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды іске асыру аясында Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енуімен бірге (2018 жылғы 1 қаңтар) енгізілетін болады

Тауарлар тізімін, сонымен қатар уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесіндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тізбесі қатысты кедендік декларацияны ұсынғанға дейін тауарларды шығару мүмкіндігі бөлігіндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар санаттарының тізбесін кеңейту жоспарланған еді, деп хабарланған Қазақстан қаржы министрлігі minfin.gov.kz сайтында.

Жекелей алғанда, бұл тауарлар кеден аумағында өңдеу, еркін қойма, еркін кеден аймағы кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлар сонымен қатар, инвестициялық преференциялар көзделген тауарлар.

Тиісті түзетулер ЕАЭО Кедендік кодексіне енгізілген болатын, осыған байланысты Еуразиялық экономикалық одағына мүше - мемлекеттерде аталған құжатты ратификациялау рәсімі басталды.

ЕАЭО Кеден кодексінің ережелерін орындау мақсатында ұлттық заңнамада «Постфактум» кедендік тазарту режимінің ережесін нақтылайтын «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы әзірленуде (40-қадам).

Ұлттық кеден кодексінің және ЕАЭО Кеден кодексінің жобасы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бір уақытта күшіне енеді деп күтілуде.

Тауарлар тізбесін кеңейту және СЭҚҚ жекелеген санаттарына кедендік декларацияны бергенге дейін тауарды шығару мүмкіндігін ұсыну нәтижесінде кедендік тазарту рәсімін оңайлатады, бұл өз кезегінде Қазақстанның халықаралық рейтингтегі позициясына оң әсер етеді.

Следующая →